Мотивация теориясы.

Табиғи-географиялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, материалды-техникалық факторлар объективті болып саналса, басқа факторлар, əсіресе, мотивациялар, субъективті болып саналады. Олар туристің таңдауын анықтайды жəне мынадай сұрақтарға жауап береді: неге 100 млн астам адам саяхатқа шығады, саяхат кезіңде не іздейді, қандай қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады. Американдық психологтың (Маслоудың) мотивация теориясы бойынша, адамдардың қажеттілігі əр алуан. Бұл теорияда төменгі сатыда материалдық, ал жоғарғы сатыда рухани қажеттер орналасқан. Бірінші кезеңде адам ең маңызды қажеттерді қанағаттандыруға тырысады. Егер ол толық қанағаттанған болса, адам келесі кезектегі қажеттерді қанағаттандыруға ұмтылады. Осы қажеттер пирамидасын басшылыққа ала отырып қажеттердің қайсысына тұтынушы ақша төлеуге дайын екенін білуге болады. Әрекет етуге талаптанған адамдардың кажетін анықтау, әсіресе маңыздылық аукымын айқындау үшін мотивацияның маңызды теориясын зерттеу қажет.

А. Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы. Маслоу адамдарды бүрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қана қарамай, оларды езін өзін жетіддіретін және өзін өзін меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде карастырады. Ол адамдарда иерархиялык жүйеден түратын кептеген қажеттілік болатындығын мойывдайды. А. Маслоу бүл қажеттіліктерді бес категорияға бөледі.

1. Физиологиялық хажеттілік өмір сүру үшін керек. Бүған тамак, су, баспана, демалу және жыныстық қатьшас қажеттіліктер жатады.

2. Қауіпсіздік, қорғану, және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалыкжәне психологиялык

кауіп қатерден қорғану кажеттілігі, болашақта физиологиялық қанағаттандырылуы мүмкін.

3. Әлеуметтік қажетгілік — бұл бір нәрсеге немесе біреулерге катыетылықсезші, өзінді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік карым катынас, құщтарлықжәне сүйемелдеушілік сезімі.



4. Қүрметтеу қажеттілігіне езін өзі кұрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, баска біреулердің өзін қүрметтеуі, мақүлдауы жатады.

5. Өзін-озін көрсету қажетгілігі — өзінің потенциалды мумкіндігін жеке басының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.

А. Маслоу көзқарасы «қажеттілік теориясы» әдістемесі деп аталады. Ол қажеттілікті катаң иерархиялық құрылымда орналастыруға болады деп есептеді.

А. Маслоудың жорамалдауынша, төменгі деңгейдегі қажеттілік канағаттандьгрылған жағдайда ғана едәуір жоғарғы деңгейдегі кажеттілік пайда болады да, адамдардың назарында осы жоғары деңгейдегі қажеттілікті қанағатгаңцыру ой ниеті туындайды. Әрбір нақтьі уакыт кезеніне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті кажеттілікті канағаттандыруға ұмтылады.

Өзін-өзі керсету қажеттілігі ешқашанда толық канағаттан-дырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой-өрісі дииуына орай оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол ссбептен де мотивация процесінде адамның қажетсінуінде шек болмайды.

А. Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізін түсінуге зор үлес косты. Басшылар адамдардың мотивациясы, олардың жан жақты қажетсінуімен айқындалатындығын түсінді.

Бүкіл ұйымның ойлаған мақсатына жету үшін басшылар адамдардың ең қажетті нәрселерін мүмкіндігінше толық қанағаттандыруға тырысу қажет.

Басшы өзінің қарамағындағыларды мұкият бакылауы, сөйтіп, кандай қажеттілік олардын белсеңділігін арттыратындығын білуі тиіс. Қажеттілік уақыт өткен сайын өзгеріп отыратындықтан, адамдарға бір рет қолайлы жағдай жасағаннан кейін, ол үнемі жұмысқа тиімді әсер етеді деп есептеуге болмайды. Уақыт өте келе мотивация көзқарасы да өзгереді. Мәселен, бұрын экономикалык тәсіл басым болра, енді мотивацияға әлеуметтік-экономикалык тәсіл басым бола бастады.


8501049576262452.html
8501121056192181.html

8501049576262452.html
8501121056192181.html
    PR.RU™